г. Костанай, 9 мкр, д. 9А
РусКазEng

Өлкетану

Рухани жаңғыру өзіңнен басталады

Рухани жаңғыру өзіңнен басталады
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру – тәрбие негізі.   

 ҚР Президенті - Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғаны туралы жариялағаны баршамызға аян.  Рухани жаңғырудың  басымдықтарының  бірі латын әліпбиіне көшу болып табылады. Осыған орай қазан аралығында мектебімізде  9-11  сыныптар арасында «Латын алфавитінің тарихы» атты тақырыбында сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылған.  Іс-шараның басты мақсаты: Оқушыларды жаңа әліпбидің тарихымен  және ерекшелігімен таныстыру.

Іс-шараның  барысында оқушыларға бейнефильм көрсетіліп, латын әліпбиінің ерекшелігі түсіндірілген.

14 қарашада бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде,  Латын әліпбиін кеңінен таратуға бағытталған жалпыреспубликалық акция өтті. Осы акцияда 9-11 сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері латын әліпбиінде  аудиожазба арқылы мәтінді тыңдап, диктант жазды. Диктанттың тақырыбы – «Рухани жаңғыру». Диктант үш рет оқылды: мәтінмен танысу, диктант жазу және тексеру.   Диктантты жазғаннан кейін оқушылардың пікірлерін зерттеп, біз балалардың көптілділікке деген ашықтығын, латын әліпбиіне үйренуге деген қызығушылығы артады  деген қорытындыға келдік. Оқушылар диктант жазуда қиындықтарға тап болған жоқ, өйткені негізгі білімі мен латын әліпбиіне жазу дағдылары бар. Біздің  ойымызша,  бұл өте жақсы бастама.Бүгінгі диктантта елінің болашақ жастары жоғары белсенділік танытып отыр. Латынға көшу болашағымыздың жарқын болуына көмектесетініне сенеміз.