г. Костанай, 9 мкр, д. 9А
РусКазEng

Родителям

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №7 орта мектебі» ММ қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы ақпарат

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №7 орта мектебі» ММ қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы
ақпарат
 
 
№7ОМ  директоры Шұғаева Б.Қ.
 
№7 орта мектеп мұғалімдерінің ұжымы қашықтықтан оқыту форматын ойдағыдай жүзеге асыруда.
    
Сауатты әзірленген іс-әрекет алгоритмі 1-4 сынып оқушылары үшін
оқу қызметін «кезекші сынып» режимінде дұрыс ұйымдастыруға көмектесті. «Кезекші топтарға» икемді оқу кестесі құрастырылды , санитариялық-гигиеналық жағдайлар жасалды, үзіліс кезіндегі демалыс орындары анықталды және әлеуметтік арақашықтық сақталуда.
   
Мұғалімдер қиындықтарға қарамастан білім беру мен тәрбие мәселелерін шешуде. Қалалық және облыстық деңгейде оқушыларға бейне сабақтар құрастыруға белсенді қатысып жүрген мектеп мұғалімдерінің тәжірибесін атап өткен жөн: Гацке А.В. – математика пәнінің мұғалімі, қазақ тілі пәні мұғалімдерінің тобы – Ульжебаева Л.К., Ибраева А.А., Омарова Ш.М., Исенова Р.И., Шнарбаева Г.К. - орыс тілі пәнінің мұғалімі, Довбня Е.С. – тарих пәнінің мұғалімі, Зеленая А.В. – информатика пәнінің мұғалімі.
   
Қашықтықтан оқытуға дайындық барысында мектеп 25 отбасын интернет және компьютермен қамтамасыз ету мәселесін шешті. Бүгінгі таңда  мектеп оқушыларының 100% -ы үйден шықпай-ақ білім алуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, олар «Спидкубинг», «Шахматтар», «Модельдеу», «Би» және т.б. үйірмелер мен факультативтер қызметі арқылы қосымша білім беру қызметтерін алуда.
     
 Мектеп оқушылары қашықтықтан өткізілетін байқауларға, олимпиадаларға қатысады және ғылыми жобаларды қорғайды. Мұның бәрі қашықтық форматында. Мысалы: Искакова Азизаның (мұғалімі Третьяк С.В.), Ибраева Дильназдың (мұғалімі Курманбаева И.С.) ғылыми жобалары Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне өтті.
     
№7 мектептің қашықтықтан оқыту моделіндегі  кешенді тәсіл мұғалімдерге жүктелген міндеттерді жедел атқаруға, оқу-тәрбие  үдерісін ұйымдастыруға, мектеп ұжымының жұмысындағы тұрақтылықты сақтауға және ата-аналар мен оқушылардың психологиялық тыныштығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.