Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКазEng

Ғылыми-әдістемелік жұмыс

Эстетикалық цикл мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің отырысы

Эстетикалық цикл мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің отырысы
Бүгін, 2020 жылғы 14 ақпанда «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №7 орта мектебі» ММ базасында эстетикалық цикл мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

Отырысты қалалық білім бөлімінің әдіскері Ерденова Багитнур Егизбаевна ашты. Отырыста 3 мәселе қаралды.

Бірінші теориялық сұрақ бойынша эстетикалық циклдің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Патрахина Людмила Николаевна сөз сөйледі. Әдістемелік бірлестіктің мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, шығармашылық топтардағы жұмыс тәжірибесі және дарынды балалармен жұмыс жасаудағы тәжірибесімен бөлісті. Ол өз баяндамасында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайларында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы мұғалімнің рөліне тоқталды.

Екінші бөлім практикалық: мұғалім Абдыкадыров Омиртай Жуматаевич 6-шы сыныпта «Роботты жасау. Роботтың қозғалмалы бөліктерін жасау бойынша эксперимент» тақырыбында сабақ өткізді. Ряполова Надежда Алексеевна оқушылармен және әріптестері - қала мектептерінің мұғалімдерімен бірге шебер-сынып өткізді.

Рефлексия жүргізілді, әріптестер өткізілген семинардың өзектілігін, практикалық маңыздылығын атап өтті және алдағы уақытқа сәттілік тіледі.